kz

RU
KZ
«Астана-2010» Мәскеудегі турнир жолын аяқтады
22 там 2024

2010 жылы туған шәкірттеріміз Мәскеуде өткен UTLC Cup турнирінде өнер көрсетті.

Топтық кезеңде жігіттер бірнеше кездесу өткізді:

- «Партизан» (Сербия) командасын 3:1 есебімен жеңді;

- «ЦСКА ПФК» (Ресей) командасынан 0:1 есебімен жеңіліс тапты;

- Минскінің «Динамосынан» (Беларусь) 0:5 есебімен төмен түсті.

5-6-орындар үшін өткен матчта біздің команда «Спартак» ФК (Ресей) командасынан 1:3 есебімен жеңіліп, турнир қорытындысы бойынша 6-орынға тұрақтады.

Жеткіншектерімізді халықаралық турнирде көрсеткен қажырлы еңбегі мен табандылығы үшін мақтан тұтамыз!

Бас серіктес