Нұр-Сұлтанда балалар мен жасөспірімдер арасында көрнекті жаттықтырушы В.М. Скучалиннің жүлделеріне арналған турнир өтті, оған «Астана» тәрбиеленушілері қатысты.
2011 жылы туғандардың командасы жарыстың алтын медалін жеңіп алып, төрт кездесу өткізді: Жоламан Табиғаттың шәкірттері «Жұлдыз» (4:1), №8 ОРБЖСМ (2:0), «Скаут» (2:1) командаларын жеңіп, «Айбынға» (0:1) жеңіліп қалды.
Әліхан Ахмаджан турнирдің үздік ойыншысы болып танылды. Жарайсыңдар, астаналықтар!