Павлодарда жаттықтырушы Виктор Ярышевті еске алуға арналған турнир өтіп, «Астана» ФО тәрбиеленушілері жеңімпаз атанды.
«Астана-2012» (А) командасы турнирде «Қайраттың» филиалының (2:1), «Жейран» (6:0), «Семей» (3:1), «Ақсу» (4:1) командаларын ұтып, «Ақтөбемен» тең түсті (1:1).
Асанәлі Мырзағұл турнирдің үздік ойыншысы деп танылды.
«Астана-2012» (Б) командасы «Оқжетпес-2» және «Намыс» сынды командаларды жеңіп, Juldyz cup турнирінің жеңімпазы атанды. Финалдық кездесуде астаналықтар «Юнионнан» басым түсті (6:3).
Команданың бас бапкері – Павел Халезов, көмекшісі – Арман Баймұханов.