«Астана» командасының 2012 жылы туған ойыншылары Қырғызстанның Кант қаласында өткен халықаралық турнирге қатысты.
Топтық кезеңде Руслан Адамовтың шәкірттері жергілікті «Илбирс» (1:1) және «Қайрат» академиясы» (0:0) командаларымен кездесуде екі ұпай жинап, «Дордойдан» 2:0 есебімен ұтылып, үшінші орынға табан тіреді.
Үшінші орын таласқа түскен кездесуде астаналықтар «Әбдіш-Атаны» 1:0 есебімен ұтты.
Аталған турнирге Қырғызстан, Ресей және Қазақстан құрамалары қатысты.