kz

RU
EN
KZ
«Астана-2012» Nur-Sultan Cup 2021 турнирінің қола жүлдегері атанды
30 қыр 2021

Елордада клубтың 2012 жылғы тәрбиеленушілері қатысқан Nur-Sultan Cup 2021 турнирі аяқталды.

Турнир үш топтан құралып, «Астана» бірден екеуінде де болды: В тобында елордалықтармен бірге «Ордабасы», «Ақтөбе» және «Оқжетпес» командалары ойнады. С тобында «Шахтер», «Оқжетпес» және «Жұлдыз» ойнады.

Турнирдің қорытындысы бойынша «Астана» қола медальға ие болды. Тимур Сәкенов турнирдің үздік шабуылшысы атанып, ал Ғабидолла Оразалы турнирдің үздік қорғаушысы болды.

Командалардың жаттықтырушылары – Руслан Адамов және Арман Баймұханов.

Бас серіктес