kz

RU
EN
KZ
«Астана» финляндиялық КуПС-қа есе жіберді
12 там 2021

«Астана» — КуПС 3:4

Голдар: Барсегян (4, 58), Айымбетов (41) — Рангел (53, 61, 74), Икауниекс (77)

«Астана» кездесу басталған сәтте-ақ есепте алға шықты: небәрі 4-ші минутта Тигран Барсегян көзге түсті. Бірінші таймның аяқталар тұсында Абат Айымбетов есепті еселеді — 2:0.

54-ші минутта қонақтардың шабуылшысы Рангело ойын есебін қысқартты — 2:1. Алайда араға 4 минут салып Тигран Барсегян дубль авторы атанды.

КуПС бұрыштамадан кірген Рангелоның голымен жауап қатты. Ал 75-ші минутта сол Рангело есепті теңестіріп кетті — 3:3.

77-ші минут кезінде Икауниекс командасын алға шығарды.

«Астана»: Дмитрий Непогодов (В) – Абзал Бейсебеков (К), Жарко Томашевич, Энео Битри, Антонио Рукавина – Лука Шимунович, Исламбек Куат, Макс Эбонг – Тигран Барсегян, Марин Томасов, Абат Аймбетов;

Резерв: Александр Заруцкий (В), Данил Подымский (В) – Энрике Лопес, Саги Совет, Лев Скворцов – Мейрамбек Калмырза, Марк Гурман, Валерий Чуперка, Педро Эуженио, Владислав Прокопенко – Фатос Бечирай, Станислав Басманов;

Бас серіктес