kz

RU
EN
KZ
«Астана» футбол клубының негізгі құрамы марапатталды
19 қар 2021

Нұр-Сұлтан қаласында «Астана» футбол клубының негізгі құрамын күміс жүлдемен марапаттау кеші өтті. 

Футболшыларды марапаттау кешінде «Астана» футбол клубының бас директоры Тастанбек Құтжанұлы және Қазақстан кәсіби футбол лигасының спорт директоры Павел Демян болды. Клубтың негізгі құрам жігіттері мен бапкерлер штабы Қазақстан Olimpbet-Чемпионатының күміс жүлдесін мойнына тақты. Бұрынғы басшылықтың еңбегі ескеріліп, аталған марапатқа ие болды. Клуб басшылығы бәріне алғыс айтып, жаңа маусымда жеңіс тіледі. Одан бөлек, 2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында алтын медаль тағып, жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар лигасына жолдама алған клуб тәрбиеленушілері де марапатталды. Футболшыларымызды үнемі қолдап, ынталандырып жүретін «12 Ойыншы» және «Old Boys» фан-клубынан жанкүйерлер де кеш қонағы болды. Жігіттерге шабыт сыйлаған кештің басты мақсаты – клуб ішіндегі ұрпақтар жалғастығын нығайту, достық пен бауырмалдықты насихаттау.

Бас серіктес