kz

RU
KZ
«Астана» УЕФА Жастар лигасында Қазақстанның намысын қорғауға дайындалуда
31 тамыз күні Ньон қаласында УЕФА Жастар лигасының іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтеді.
00:00, 26 там 2022

Аталмыш еурокубок додасында Қазақстанның намысын «Астананың» 2004/2005 жылы туған жас ойыншылары қорғайтын болады. Алғашқы кезеңнің ойындары 14 қыркүйек пен 5 қазанда өтеді.

Бас бапкер – Владимир Глевич, Вячеслав Прокопенко – көмекші, Сергей Гвиненко – фитнес бапкер, Денис Овсянников – қақпашылар бапкері, Арсен Іңкәрбеков – команда координаторы, Қуаныш Абдуалиев – менталды дайындық бапкері, Азат Нұрмаханов – дәрігер, Әмір Есеркепов – футбол орталығының менеджері.

Қазіргі уақытта команда турнирге тыңғылықты дайындалу барысында.

Бас серіктес