kz

RU
KZ
«Астана» мен Chery Kazakhstan автокөлікке ұтыс жариялайды!
Astana Motors қатарына кіретін Chery Kazakhstan компаниясымен бірлесе отырып,CHERY TIGGO 2 автокөлігін ұтысқа тігеміз!
28 шіл 2023

«Жетісумен» өтетін матчта Cherry Tiggo 2 көлігінің ұтыс ойыны болады. Ұтыс ойынына қатысу үшін:

Өз алаңымызда өткен маусымның соңғы 4 матчының («Қайсар», «Тобыл», «Оқжетпес», «Жетісу») билеттерін алып келіңіз.

Матчтың басталуына 2 сағат қалғанда NE секторы жанында 4 билетті өткізіп, ұтыс ойынының арнайы купонын алуыңыз керек.

«Астана» – «Жетісу» матчы аяқталғаннан кейін ұтыс ойынының нәтижесін күтіңіз.

Ойында кездескенше!

* ҚР Салық кодексінің 321-бабының 5-тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаның жылдық кірісіне өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі кіріс кіреді, 351-бабының 1-тармақшасы бойынша, төлем көзінен салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық агентi салық салуға жататын кірісті есепке жазу кезінде жүргізедi. ҚР Салық кодексінің 320-бабының 1-тармақшасына сәйкес, салық төлеушінің кірістеріне 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салынады.

Бас серіктес