kz

RU
EN
KZ
«Астана» Чемпиондар Лигасында «Динамо Брестпен» кездеседі
09 там 2020

Чемпиондар Лигасы алғашқы іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті. 
«Астана» бірінші раундта Беларусь елінің өткен маусымдағы ең үздік ұжымы «Динамо Брест» футбол клубымен кездеседі. 
Бресттік футболшылар осы маусымда өткізген 19 ойында 29 ұпай жинап, турнирлік кестеде 9-шы орында келе жатыр.
​«Астана» мен «Динамоның» осыған дейін жасыл алаңда жолдары түйіспеген. Дегенмен, Қазақстан чемпиондары Беларусь біріншілігінің басқа өкілі БАТЭ командасымен екі рет жолығып, екеуінде де елордалықтар келесі кезеңге жолдама алған болатын. Соңғы ойын жақында ғана 2019 жылы өткен еді.

Бас серіктес