Қазақстан OLIMPBET QFL Кубогының жеребе тартуының қорытындысы бойынша «Астана» 1/8 финалда «Жеңіске» қарсы ойнайды.
Финалдық кезеңде Премьер-Лиганың 13 клубы мен алдын-ала кезеңнің жеңімпаздары қатысады, олар өздерінің рейтингтері бойынша қарсыластарын анықтайды. 1/8 және 1/4 финалдық кездесулердің жеңімпаздары бір ойында анықталады. Жартылай финалда үй/сырт алаңда кездесетін болады.
1/8 финалдық жұптар:
«Қайсар» - «Тобыл»
«Жеңіс» - «Астана»
«Атырау» - алдын-ала кезеңнің «16-жеңімпазы»
«Қайрат» - «Тұран»
Алдын-ала кезеңнің «15-жеңімпазы» – «Ордабасы»
«Ақтөбе» - «Жетісу»
«Елімай» - «Шахтер»
Алдын-ала кезеңнің «14-жеңімпазы» - «Қызылжар»
1/8 финалдың матчтары 13-14 сәуірде өтеді.