— Жол ауыр болды, біз Талдықорғанға әдеттегідей ойынға бір күн қалғанда келген жоқпыз, бүгін бірден матчқа бардық және автобуспен 4 сағат жол жүрдік, бұл кубок турнирі болғасын бәріне тең ойын және тәжірибе алу мүмкіндігін бердік, соған байланысты жоспарлы ауыстырулар болды. Жігіттердің жеңіске деген құлшынысы зор еді, гол жіберіп алсақ та, бірден есепті теңестіріп, ойынға қайта оралды. Екінші таймда бірнеше мүмкіндік іске аспады, ақыры өкінішті гол өткізіп алдық, бізде сәттілік жетіспеді.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ