kz

RU
KZ
«Милсамиді» жеңуіміз керек деген тапсырма болды
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Милсамиді» жеңген ойын жайында пікірімен бөлісті.
01 там 2024

– Бұл өте ауыр матч болды, біз сырт алаңда жақсырақ ойнаған едік, рас әңгіме. Әдемі гол соқтық, кейін қарсыластың ойыншысы алаңнан шеттетілді, ал біз осыдан кейін абайлап ойнай бастадық. Алаңдап тұрғанымыз да, уайым сезімі бойды биледі. Жігіттерге осы жылы жақсы ойнаған кездесулер көп болғанын, бірақ бірде-бірін жеңбегенімізді еске салдым. Нашар ойын болды деп айтуға келмес, бізде көптеген мүмкіндік болды, керемет сәттер емес екені белгілі. Ең бастысы, біз жеңіске жеттік. Команданың ауыртпалығы осы жеңістен кейін сәл азая түскендей сынды. «Милсамиді» жеңуіміз керек деген тапсырма болды, оны орындай алдық. УЕФА рейтингінде еліміз үшін ұпай жинағанымыз, көрсеткішіміздің көтерілгені өте маңызды. Астанада емес, Алматыда ойнағанымызға қарамастан, бізге қолдау білдірген жанкүйерлерге алғыс айтамын.

– Бөтен алаңда ойнау факторы командаға қалай әсер етті?
– Алдында айтқандай, біз өз елімізде ойнаймыз, бірақ «Астана Аренаны» басқа стадион алмастыра алмайтыны айдан анық. Астаналық стадионымыз талай жарқын жеңістердің куәсі болды, клубымыздың тарихымен тығыз байланысты. Сондықтан біз үшін «Астана Аренаның» орны бөлек. Жалпы алғанда, бүгінгі атмосфера жақсы болды дей аламын.

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес