«Қиын матч, күрес көп болды, алаңның сапасына байланысты ойын болмады. Бірінші таймда біз жекпе-жек пен допқа таласта қарсыластан төмен болдық, техникалық ақау да орын алды. Қарсылас сәтті ұтымды пайдаланып, есеп ашты.
Бірінші таймның соңында Камара бірге бір шыққанда, Каримовта да мүмкіндік болды, өкініштісі, гол соға алмады. Екінші таймда ойыншыларды алмастыру арқылы ойынды өзгертуге тырыстық, бірақ ол ойымыз іске аспады. Біз әлсіздік таныттық.
Әрине, 10 аяқдопшымен 20 күннен астам жаттығу өткізгеніміз де бар, қалғандары өз ұлттық құрамаларында өнер көрсетіп, шаршағаны да бүгінгі матчта байқалды. Енді өзара жұмыс жасауды қалпына келтіріп, физикалық жағдайымызды жақсартуымыз керек.
Бүгінгі матчта жанкүйерлеріміз көп болды, олардан кешірім сұраймын. Біз келесі ойынға дейін қалыпқа келу үшін бәрін жасауымыз керек».
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ