«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Жеңіспен» өткен ойынның нәтижесі туралы айтты.
– Қазақстандық жанкүйерлерді жаңа маусымның басталуымен құттықтағым келеді. Ойынға келетін болсақ, әдеттегідей, матч басталар алдында үлкен толқу болды. Бірінші таймда біздің команда жақсы ойын көрсетті, әсіресе алғашқы 30-35 минутта мүмкіндіктер болды, есеп аштық, тағы да бір-екі гол соғуымыз мүмкін еді. Содан біраз уақыттан кейін біз басымдықты қарсыласқа бердік, мүмкіндіктер ашылды, өтпелі кезеңде өткізіп алдық, ондайға жол беруге болмайды. Сапты қайта құруда көптеген қателіктер болды, бірақ бұл бірінші кездесу екенін ұмытпайық.
Таблодағы есеп қана көңіл көншітпейді, біз көбірек голға лайық болдық. Қаншама гол салатын мүмкіндіктерде мүлт кеттік, дегенмен басты діттегенімізге қол жеткіздік, себебі осындай шабуылдаушы футбол біздің негізгі көздегеніміз болатын. Алматыға келіп, бізге қолдау көрсеткен жанкүйерлерімізге рақмет айтқым келеді. Осындай алыс жолды еңсерген оларға мың алғыс. Алматы енді біздің екінші үйіміз. Әрине, белгілі бір қиындықтар бар, «Астана Арена» жөндеу жұмыстарында болғандықтан, осылай жасауға мәжбүрміз. Алдағы уақытта да жанкүйерлер бізді қолдайды деген сенімдемін.