kz

RU
KZ
Бабаян «Галф Юнайтедпен» өткен ойын жайында
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян БАӘ-де өткен жолдастық кездесудің қорытындысы туралы айтты.
08 ақп 2024

– Бүгінгі күш сынасу өте жақсы өтті, қарсылас команда агрессивті ойнады. Қазір жігіттердің жүктемесі жетерлік, сондықтан қарсылас кейбір эпизодтарда белсендірек және жылдамырақ болды. Бірақ біз үшін осындай қысым кезінде ұйымшылдықты, тәртіпті сақтау және соңына дейін барын салып ойнауды жалғастыру маңызды. Кейбір нәрселер орындалды, кейбіреулері іске аспады. Қорғаныста қажетсіз әрекеттер жасалды, оларды болдырмауға болатын еді. Әрине, бұл кезеңде есеп маңызды емес, бірақ біз үшін қорғаныста берік ойнау маңызды. Бұл оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы ойын, ешкімге артық салмақ түсірмей, жарақаттан қашып, бәріне бірдей қажетті жүктеме берілді.

 

– Команданың формасына қандай баға берер едіңіз?
– Бұл тек екінші матч, әлі біраз шешілмеген мәселе бар, бірақ чемпионаттың басталуына әлі уақыт бар, сондықтан сергектік туралы айтуға әлі ерте. Біз өз бағдарламамыз бойынша жұмыс істеп жатырмыз, жоспарлаған барлық көлемді аяқтадық. Жұмыс істеу тәсілі толығымен қанағаттандырады.

 

– Бүгін командаға жаңадан келген Кипрас Кажуколовас алғашқы ойынын өткізді. Оның дебютін қалай бағалайсыз?
– Физикалық дайындығы жағынан әлі де командаластарынан артта, үзіліс алып, ұзақ уақыт жаттықпағаны да бар. Сондықтан, ол команданы қуып жетуі керек, оның жеке режимі бар, бүгін алаңдағы серіктестерін сезінуге 15 минут уақыт берілді. Негізінде ол жақсы ойнады, бірақ біз әлі де ең алдымен физикалық жағдайымен жұмыс істеуіміз керек, содан кейін кейбір тактикалық аспектілер туралы айта жатармыз.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес