kz

RU
EN
KZ
Брайан Гарсия: «Мақсатымызға қол жеткіздік – ширек финалдамыз»
«Астананың» қорғаушысы Брайан Гарсия «Жетісумен» өткен ойынға қатысты пікірін білдірді.
08 там 2022

– Қиын ойын болды, біз қарсыластың үлкен ынта-жігермен шығатынын білдік. Айта кету керек, біздің топтағы барлық команда мықты. Ойынға келер болсақ, кездесуді ойдағыдай бастамадық, дегенмен басты мақсатқа қол жеткіздік – біз кубоктың ширек финалындамыз.

– Қалай ойлайсың, командаға ойын соңында не жетіспеді?
– Бізге матч басынан-ақ белсендірек болып, ойымыз тек жеңісте болуы қажет еді, ал соңғы жағында аздаған тәжірибенің өзі жетер еді ойлаймын. 90-шы минутта гол салғанымызбен, соңғы минуттарда жауапты гол өткізіп алдық.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бас серіктес