–Өте жақсы ойын болды деп есептеймін. Біз жүз пайыз беріліп ойнадық, өйткені «Қайраттан» жеңілгеннен кейін қайта қатарға қосылып, ретке келгіміз келді. Енді осылай жеңіс жолын жалғастырамыз деп сенемін.
– «Қайсар» қақпасына дубль жасадыңыз. Бұған дейін төрт ойында гол соға алмағаныңызды айта кеткен жөн. Қандай әсердесіз?
– Менің ойымша, бәрі жігерге байланысты. Әрине, гол соққанға не жетсін. Әрқайсымыз алаңда команда үшін барымызды саламыз. Маған шабуылшы ретінде әр ойында гол соғу маңызды. Әр шабуылшы неғұрлым жиі гол салса, соншалықты бақыттырақ болмақ. Қарсыластың қақпасына доп соққаныма өте қуаныштымын және алдағы ойындарда да жалғастыра беремін деп үміттенемін.
Дереккөз: Prosports.kz
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ