УЕФА Конференциялар лиганың үшінші іріктеу кезеңіндегі ойын үшін Румынияға ұшар алдында «Астана» өз алаңында «Тұраннан» 2:1 есебімен басым түсті.
Бірінші таймда астаналықтар сапындағы үшінші голын соққан Ннамди Аханону матчта есеп ашқанымен, екінші таймда Никола Цуцкич таразы басын теңестірді. Елордалық команда жеңісті матч соңында ғана жұлып алды. Төреші қарсыластар Рамазан Кәрімовке қарсы ереже бұзғаны үшін пенальти белгіледі, оны Назми Грипши сәтті орындады.