«Астананың» қорғаушысы Тимур Досмағамбетов «Лудогорецпен» ойын алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді.
– Өзімнің және бүкіл команданың атынан мен бір ғана нәрсені үлкен сеніммен айта аламын – біз бірінші минуттан соңғы минутқа дейін күресеміз. Барымызды салып, Алла Тағаланың қалауымен жанкүйерлерімізді қуантамыз деп сенемін.
– Загребтің «Динамосы» мен «Лудогорецтің» деңгейі шамамен бірдей деген пікір бар. Сен қалай ойлайсың?
– Бұл команданы «Динамомен» салыстыруға болмайды. Бұл мүлдем басқа команда. Ал бұл кезекті турнир, сондықтан біздің міндетіміз топтық кезеңге өту. Иә, бұл мықты команда, бірақ жанкүйерлерімізді қуанту үшін барымызды саламыз.
– Соңғы төрт ойында «Астана» бір рет жеңіп, екі рет тең түсіп, жеңілді. Себебі неде?
– Соңғы ойындар, сіз айтқандай, әлсіз командалар жоқ Чемпиондар лигасы. Ең бастысы, бірінші айналымнан өттік. Екінші раунд... бәріміз тырысып, қаласақ та, нәтиже болмады. Ертең біздің барлық мүмкіндіктеріміз голға айналады деп сенемін. Мен ертең жеңуіміз керек деп ойлаймын.
– Өткен маусымда сіз тоғыз гол соғып, «Астананың» сұрмергені болдыңыз. Ертең еурокубокта сенен гол күтуіміз керек пе?
– Әрине, гол соғып, өзімді ғана емес, барша жанкүйерді қуантқым келеді. Тек Астана емес, барша қазақстандықтар. Тіпті әкем маған: «Сен қашан гол саласың?» деп үнемі айтып отырады. (күледі). Сондықтан, әрине, гол соғуға тырысамын.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ