kz

RU
EN
KZ
Эльхан Астанов: «Титулды қайтарғымыз келеді»
«Астананың» жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов «Жеңісті» 2:0 есебімен ұтқан 2024 жылғы маусымдағы алғашқы ойын жайында өз әсерімен бөлісті.
03 нау 2024

– Ең алдымен жанкүйерлерді маусымның ашылуымен және жеңісімен құттықтаймын! Алда жеңіс жалғасын тауып, чемпиондық атаққа жетеміз деп сенемін.

– Биыл командадағы өзгеріс тек кадрлық емес, тактикалық тұрғыдан да орын алды ғой?

– Әрине, байқағаныңыздай, өткен жылы үш орталық қорғаушымен, ал биыл екеуімен ойнадық. Жаңа аяқдопшылар, оның ішінде жас ойыншылар да бар.

– Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімінде барсыз, бүгін гол салдыңыз, оралуға дайынсыз ба?

– Иә, мен командаға көмектесуге әрқашан дайынмын. Біз үшін бәрі ойдағыдай болып, Еуроға шығып, елімізді қуантамыз деп сенемін.

– Биылғы жылы «Астананың» мақсаты – чемпионаттың бас жүлдесі мен еуропалық жарыстардың топтық кезеңіне өту ме?

– Иә, ең жоғары тапсырмалар қойылды. Біз чемпиондық титулды қайтарып, Конференциялар лигасының тобына шыққымыз келеді.

– Қазір өзіңізді сырт алаңда ойнап жүргендей сезінесіз бе?

– Жоқ, жанкүйерлеріміздің арқасында, олар арнайы ойынға келіп, бізге қолдау көрсетті. Мұнда біз үшін бар жағдай жасалған, құдды бір үйде жүргендей сезінеміз. Көгалдың сапасы жақсы, ал алаң барлығына бірдей.

Дереккөз: vesti.kz
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Бас серіктес