kz

RU
EN
KZ
Эльхан Астанов «Мақтааралмен» өткен ойын және бірінші голы жайында
08 мам 2023

- Эльхан, жалпы бүгінгі ойын жайында, қарсыластар қақпасына соққан өзінің бірінші голың жайында айта кетсең.

- Бұл бір көптен күткен гол еді. Кубок ойындарында алғашқы голдарымды соғып, енді ел біріншілігінде гол салсам деген ой болды. Алланың қалауымен, ол арманым да орындалды. Енді Шымкентте «Мақтааралға» қарсы өтетін матчқа дайындаламыз.  
- «Мақтаарал» өзіңнің туған өлкеңнен алыс емес. Сол себепті де ойынға деген ерекше ынта қойдың ба?
- Мен әр ойынға ерекше ынтамен шығам. Қандай қарсылас болмасын: турнир кестесінде көш бастап тұрса да, соңында болса да бәрібір, ойынға бар ынтамен алаңға шығу керек. Жеңу керек. Бүгін жеңіске жеттік.
- Жанкүйерлер өзіңді негізгі құрамнан көргісі келеді. Неге бұл жағдай жиі болмайды?
- Алдын ала ештеңе де айта алмаймын. Тек жақсы ойын көрсетіп, өзімдің өабілетімді дәлелдеп барып айтуға болады. Алда бәрі дұрыс болатынына сенімдімін.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес