«Астананың» жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов Загребтік «Динамосымен» ойын алдында журналистердің сұрақтарына жауап берді.
– Біз ойынға 100 пайыз дайынбыз. Бұл жеңіске жетіп, топтан шығуға тамаша мүмкіндік, «Балканидің» жеңілгенін есепке алсақ, плей-офф кезеңіне өтеміз. Қазақстандықтар толығымен бізге жанкүйер болады, матчты ел боп тамашалайды, сондықтан біз бар күшімізді саламыз.
– Биылғы маусымда көп ойнамадыңыз, ұлттық құрамаға шақырмайтын болды. Қалай ойлайсыз, ертең жақсы өнер көрсетсеңіз, Әдиевтен Ұлттар лигасы аясында наурыз айындағы матчтарға шақырту алуға тамаша мүмкіндік бола ма?
– Әрине. Мен ертеңгі матчқа толық дайынмын. Иә, мен ұлттық құрамаға шақырылмадым, бірақ «Астана» сапында еурокубок ойындарына дайындалдым. Ал ертең ойнаймын ба, жоқ па, ол жағын бапкер шешеді. Егер алаңға шығатын болсам, барымды саламын.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ