kz

RU
EN
KZ
Эльхан Астанов: «Мен «Астанаға» ақырындап бейімделіп жатырмын»
«Астананың» жартылай қорғаушысы Эльхан Астанов «Ордабасымен» өткен ойын жайында пікір білдірді.
03 сәу 2023

- Ең алдымен «Астананың» жанкүйерлерін жеңіспен құттықтағым келеді! Бойымда өзгеше бір сезімдер бар. Төрт жыл бойы «Ордабасының» намысын қорғап, ал бүгін алғаш рет бұрынғы командаға қарсы ойнадым. Бірақ матчта бәрін ұмытып, өз командаң үшін ойнайсың.

– Сіз алғаш рет «Астана» сапында негізгі құрамда шықтыңыз және де бұрынғы командаға қарсы ойнадыңыз. Ойын алдында қандай да бір толқу болды ма?

– Ауыз толтырып айтатындай толқу болған жоқ. Айтып өткенімдей, мен «Ордабасыдан» басқа еш жерде ойнаған жоқпын, ерекше бір сезімдер болды, бірақ старт ысқырығынан кейін бәрі де өз орнына келді.

– «Астанаға» ауысқан сәттен бергі бұл екінші ойыныңыз. Командаға үйреністіңіз бе?

– Иә, «Астанада» ақырындап бейімделіп жатырмын. Алда бәрі тек жақсы болады деп үміттенемін.

Metaratings

«Астана» ФК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Астана» ФК серіктесі – «Туризм және спортты қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес