kz

RU
EN
KZ
Евгений Постников: «Астана» маған жарқын көңіл-күй сыйлады
17 ақп 2021


 
 
Евгений Постников клубпен келісімшартты бұзып, "Астанадан" кетті.
 
Ол бірден клубтың баспасөз қызметімен өз әсерлерімен бөлісті: 
 
«Астана» футбол клубы маған жарқын көңіл-күй мен естеліктер сыйлады, менің ойымша, кез-келген футболшы Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнауды армандайды және маған Астана сапында осындай мүмкіндік берілді. "Астана" құрамында болған 7 жыл мен және менің отбасымның есінде мәңгі қалады, балаларым мен жұбайым өздерін үйдегідей сезінді, біз өте көп дос таптық!
Бірақ кетуге тура келді. Мен клубқа, алаңға  бірге шығу бақытына ие болғандардың барлығына, бүкіл жаттықтырушылар штабына, басшылыққа, барлық қызметкерлерге әрине, жанкүйерлерге осы бақытты 7 жыл үшін үлкен рахмет айтқым келеді!
"Астананы" алда жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін, команданың тезірек биіктен көрінуін тілеймін, оған клубтың өзі де, оның адал жанкүйерлері де лайық!

Бас серіктес