kz

RU
KZ
«Астана» футбол клубы мен «Toqsan1 cinema» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
16 мам 2024

Футбол клубы мен «Toqsan1 Cinema» киностудиясы салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа ынталандыру, футболға деген қызығушылықты арттыруды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның басты шарты – футбол жайындағы фильмді «Toqsan1 cinema» студиясы түсіру кезінде клуб тарапынан жан-жақты көмек көрсету. Сценарий мансап жолында шыңға шыққан сәтінде дұрыс таңдау жасайтын аяқдопшының оқиғасын қамтиды.

Фильмнің 2024 жылдың қазан айында көрерменге жол тартады деп жоспарланған.

Бас серіктес