«Астана» мен «Қайрат» футбол клубтары арасында өткен Қазақстан чемпионатының 12-тур матчы аяқталысымен елордалық клуб Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік ету және инспекциялау департаментіне Садыбековтың голын есептеу туралы шешімді төрешінің VAR көмекшісі Тевяшовтың құптауына себеп болған бейнематериалдарды ұсынуға сұраныс жолдады.
Біз матчтың ресми көрсетілімінен, матчта жұмыс істейтін клубтық бейнеоператорлардың камераларынан ойынды қайтап қарап, толық зерттедік – барлық бейнематериалда доптың ойын ережесіне сәйкес қақпа сызығын толығымен кесіп өткені көрінбейді.
Федерацияда осы кадрлар бар шығар, бірақ біз аталған кадрларды алып, толық көз жеткізбейімізше, есепке алынған голды әділ деп айта алмаймыз. Сонымен қатар, қолда бар бейнематериалдарға сәйкес, доптың қақпа сызығынан өткені жайында шешімді төрешінің көмекшісі Калачев қабылдады, Сергейдің күмәнді голды тұрған жерінен көре алмайтыны айдан анық, өйткені допты қақпашының денесі оның назарынан толық жауып тастады.
Бастысы, осы гол матчтың соңғы нәтижесін анықтауда шешуші рөл атқарды.
«Астана» футбол клубы алаңда әділ және адал бәсекелестікке құрылған ойын өткізуге мүдделі, ал бұған төрешілер тобының объективті және сауатты жұмысы арқылы ғана қол жеткізуге болады. Еліміздегі футболды дамытудағы маңызды алғышарт – төрешілер жұмысының сапасын арттыру, оның ішінде VAR жүйесі де бар.