Осы маусымда 2002 жылы туған жастар «Астана» футбол орталығын тәмәмдады.
Өкінішке қарай, осы жыл пандемияға байланысты футбол орталығының тәрбиеленушілері үшін қиын болды, алайда осы маусымда бірқатар футболшылар негізгі құраммен жаттығуға және «Астана-М» ойындарына тартылды.
Клубтың атқарушы директоры Давид Лория, Бас директордың кеңесшісі Александр Коночкин, футбол орталығының жетекшісі Арсен Іңкәрбеков, сондай-ақ аға жаттықтырушы Владимир Глевич ойыншыларға футбол орталығындағы оқуын аяқтағаны туралы аттестат және естелік сыйлықтар табыс етті.