kz

RU
EN
KZ
«Астана» футбол орталығы маусымды қорытындылады
03 қар 2021

Astana Marriott Hotel қонақүйінің конференц-залында «Астана» футбол орталығының басшылық құрамы және клубтың балалар мен жасөспірімдер командаларының жиындары өтті.

Аталған жиындарға «Астана» клубының 2005-2009 жылдар аралығындағы тәрбиеленушілері қатысты. Кездесу барысында маусымның есте қалар жарқын сәттері мен әр команданың ойын нәтижелері талқыланды.
«Астана» футбол орталығының тәрбиеленушілерін менталды дайындау бапкері Қуаныш Әбдуәлиев қыз-жігіттердің әрқайсысымен маусымды қорытындылады:

«Біздің болашақ спортшыларымыз қай деңгейде екенін, алға қойған мақсаттары мен бағытын айқындауы біз үшін маңызды. Осы жылы қандай жетістіктерге жетті, жаңа маусымда арманына біртабан жақындау үшін не істеуі керек? Осы сұрақтар төңірегінде пікір алмастық», – деді Қуаныш Әбдуәлиев.

Бас серіктес