kz

RU
KZ
Григорий Бабаян: Өткен ойын жастар арасында жақсы ойыншылар бар екенін көрсетті
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян ел кубогы аясында «Ордабасымен» өткен ойынды қорытындылады.
19 қаз 2022

– Бірінші таймда өте жақсы ойнадық. Әрине, біз үшін ауыр матч болды. Өз позициямызды түсіндірдік, бүгін жастар құрамасына ойнады, негізгі құрамның 3-4 ойыншысымен күшейттік. Жалпы алғанда, бірінші таймда ойынды ұйымдастыру жағы толық көліңімнен шықты, допты бақылау жағы жақсы болды деп ойлаймын. Бұл жерде жастар құрамасының бас жаттықтырушы Константин Котовқа алғыс айтуымыз керек. Бәрі де ең алдымен оның еңбегі, бүгін алаңда ойнағандар – оның шәкірттері. Осы кездесу бізде өте жақсы резерв, жарқын болашақ бар екенін көрсетті.

Екінші тайм бізге физикалық тұрғыдан ауырлау болды. Бес ойыншыны толық ауыстырдық, әрине тағы бір-екеуін ауыстыруды қалаған едік, бірақ мүмкін болмады. Ойын қарқынына шыдай алмадық, егер қосымша уақыт қосылса, тағы бір ойыншыны ауыстыруға мүмкіндігіміз бар екенін біліп тұрдық. Матч соңына қарай 2-3 ойыншымыз физикалық тұрғыда шыдай алмады. Бұл жас ойыншылар үшін жоғары қарқын, бірақ сонымен бірге жігіттер үшін үлкен тәжірибе. Әрине, соңғы сәтте жеңілу жағымсыз әсер қалдырады. Футболдың ерекшелігі де осында, қашып кете алмайсыз, ештеңе істей алмайсыз.
Мен кеше клубтың ұстанымын түсіндіріп, кубок пен чемпиондық үшін қатар күресуге болмайтынын айттым. Клубтың ұстанымы – чемпионатты жеңіп алуға тырысуымыз керек. Иә, қазір айырмашылық бір ұпай, бізде жақсы мүмкіндік бар. Әрине, бәрі тек біздің еркімізде емес, енді бар күш-жігерімізді «Атырауға» қарсы ойынға арнауымыз керек. Бұл біздің өз алаңымызда өткізетін келесі кездесуіміз болмақ. Қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамыз және чемпиондық үшін күресте бәсекелестеріміздің мүдіріп қалуынан үміттенеміз. Бастысы, өткенге көз жүгіртсек, «Қайрат» та өз шәкірттерімен ойын өткізетін, яғни басымдықды дұрыс қоя білу керек, әйтпесе ештеңе де ұта алмайсыз. Рахмет!

«Астана» ФК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Астана» ФК серіктесі – «Туризм және спортты қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес