– Маған біздің бастапқы 25 минуттағы ойын, құрылымды жасақтап алаңның ортасында ойнағанымыз ұнамады. Маған шұғыл шешім қабылдау керек болды, жоспарда болмаған ойыншыны ауыстырдым, солай бірінші таймның соңғы 15 минуты жақсырақ өтті. Әдемі сәттер болды, өкініштісі іске аспады. Біз гол соқтық, бірақ есепке алынбады.
Екінші таймда жақсырақ ойнадық, әдемі голдар соғылды, мүмкіндіктер жасалды. Менің ойымша, ойынның нәтижесі басқаша болу керек еді. «Ордабасы» қақпаның теміріне доп соғып, есепті ашарлықтай 3-4 мүмкіндік жасады, бірақ жалпы психологиялық тұрғыдан үш ұпай алу біз үшін маңызды болды. Уақыт өте тығыз, команданы тез қалпына келтіріп, келесі матчқа дайындау төңірегінде ғана ойланамыз. Әрбір матч финал сияқты және келесі «Қайратқа» қарсы өтетін ойын өте маңызды. Жеңісті тойлауға мүлдем уақыт жоқ, мен киім ауыстыратын бөлмеде жігіттерге дәл қазір, бүгіннен бастап келесі матчқа дайындалу керек екенін айттым.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
Клубтың серіктесі – «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры