— Бұл екінші оқу-жаттығу жиынындағы бірінші ойынымыз. Біз физикалық дайындық бойынша жұмысты жалғастырамыз, ойынның тактикалық жақтарына, барлық кезеңдерде ойынды шебер ұйымдастыруға аса назар аударамыз. Әрбір ойыншыға оның ағымдағы жағдайын ескере отырып, ойын уақытын бөлдік.
Жалпы, бірінші тайм көңілімнен шықты. Команда қозғалып, тәртіп орнап, белгілі бір уақытқа дейін ұйымшылдық танытты, кейде шашырап, жинақылық жетіспей, қарсыласқа басымдық беріп жатты. Бұл әлі де жұмыс істеуді қажет ететін сәт: біз ойынды басқарған кез болды, содан кейін біраз уақытқа дейін тоқырап қалып жаттық. Соңғы минутқа дейін ойынды басқаруда ұстау маңызды.
Екінші таймда басқа құрам шықты, өзгеріс жасаймыз, әртүрлі құрамда ойнаймыз. Маған ойынның алғашқы 10-15 минуты ұнамады, өйткені бақылау болмағандықтан, жігіттер ойынға аздап кірісе алмады, бірақ уақыт өте ұйымдастыру, допты бақылау жұмыстарын жолға қойдық және үлкен мәселелер орын алмады. Ойға алған сәттерді ске асыруда, тактикалық тұрғыдан қарастырсақ біраз қателік болды. Бұл жаңа маусымдағы екінші матчымыз ғана, жақсы ойнадық, бірақ әлі де көп жұмыс бар. Мен бірнеше рет айттым, бізге тек шеберлікті арттыра түсу керек, өйткені мақсатымыз айқын, жоспарымыз үлкен.
Маңызды жайтты атап өтейін: менің ойымша, бұл матчта қарсыластар бізді қатты арандатты, ережеге сай ойнамады, осы тұрғыда өзімізді үлкен команда ретінде көрсеттік. Жігіттер арандатушылыққа бой алдырмай, алаңда ойын арқылы дәлелдеді, ашуға бой алдырмау қиын болса да, қарсылас мүлде дұрыс әрекет етпеді. Осы орайда, мен біздің команданы атап өткім келеді – ештеңеге қарамастан, біз өз дегенімізді ұстана білдік. Ұйымшылдық пен тәртіпті сақтап қалдық, бұл ең маңызды сәт.
— Алдыңғы матчпен салыстырғанда, команданың ойынында қандай да бір жақсару бар екенін байқадыңыз ба?
— Екінші оқу-жаттығу жиынының басталғанына бес күн өтті, біз ойынды құруға үлкен көңіл бөлеміз және әлі де жақсарта түсуіміз керек. Қазір біз мақсатымыз көп және ойынның сапасы кей сәттерде төмендеп кететіні анық. Бірақ бүгінгі матч жігіттердің ілгерілеп келе жатқанын көрсетті.
— Дембоның алғашқы ойыны қалай?
— Ойыншының шеберлігі бар екені анық және оның функционалдық тұрғыдан дайын еместігі де байқалады. Ол бірінші ойын үшін жақсы өнер көрсетті, бірақ алда көп жұмыс істеу керек екенін де түсінеміз. Қазіргі таңда біз үшін маңыздысы да осы.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ