kz

RU
KZ
Григорий Бабаян – «Ақтөбеге» қарсы ойын туралы
15 нау 2023

– Ойынның басталуы өте қызықты болды. Оныншы минуттан бастап допты өз бақылауымызда ұстағанмен, қарымта шабуылды өткізіп алдық. Мойындау керек, аздаған шабуылмен-ақ «Ақтөбе» бізге төрт гол соқты. Біз оларға қақпаға оп-оңай доп соғуға мүмкіндік бердік. Ешқандай да ақталғанымыз емес. Соңына қарай ойынды өзгертуге мүмкіндік болды, бірақ біз ол сәттерді пайдаға асыра алмадық. Ақырында, жиі кездесетін жағдайға сай, қарсы шабуылда ұсталып қалдық.

– Томасов бүгін де жақсы ойнай алмады. Мүмкін, басқа ойыншыларға мүмкіндік беретін уақыт келді?
– Бүгін Томасов барынша ойнап бақты. Бүгін жалпы жаман ойнаған жоқ, бірінші таймда сәтсіздіктер болғанымен, екіншісі кезеңде соның ақысын қайтара білді. Қарсыластар оған басты назар аударады, солай басқаларға мүмкіндік береді.

Чондрич те көп қателесті. Мүмкін Заруцкийді алаңға шығарасыз?
– Ол жайында қандай сұрақтар болуы мүмкін?

– Астановтың ойынына қандай баға берер едіңіз?

– Ол бізбен бар болғаны екі рет жаттығу өткізді. Оған бейімделу үшін әлі уақыт керек. Бір жерде ол өткір ойнай алады, кейде қателіктерге бой алдырды...

– Астановты қатарға қосқаннан кейін де команданы күшейте түсу жоспарда бар ма?

– Әрине, күшейту керек. Бізде проблемалар жеткілікті.

– Жалпы бүгінгі ойын қалай? Қандай да бір қорқыныш пайда болды ма?

– Жақсы жағын байқамадым. Шабуылда допты жоғалтып, қарсы шабуылдарға жол бердік. Проблемалар бар, олар көп, біз ол жағын білеміз, енді тек шешімін табу керек.

«Астана» ФК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Астана» ФК серіктесі – «Туризм және спортты қолдау қоры» КҚ

 

Бас серіктес