kz

RU
KZ
Григорий Бабаян «Краснодарға» қарсы ойын турасында
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Краснодармен» өткен жолдастық кездесудің қорытындысы туралы айтты.
15 ақп 2024

– Бір жағынан, бұл Ресей чемпионатының көшбасшысынан басым түскен ойын әрі жарқын жеңіс болса, екінші жағынан, жай ғана жолдастық кездесу, қазір әр команданың күйі де, дайындығы да, жүктемесі де әртүрлі.  

Маған біздің команда ойынының ұйымдастырылуы қатты ұнады, әсіресе алғашқы 35 минутта қорғаныста өте тығыз ойнадық және өтпелі сәттерде жақсы әрекет ете білдік. Қарсыласқа еркіндік бермей, өз мүмкіндігімізді пайдаланып, жақсы реакциямен, жақсы мінезбен және агрессиямен ойнадықк. Бүкіл матч бойы мұндай қарқын мен ұйымшылдықты сақтауға әлі дайын еместігіміз анық, бірақ, жалпы алғанда, жақсы ойын. Әрине, қорғаныста қателіктер болды, бірақ осындай жақсы нәтижеге қарамастан, бұл ойын бізге немен жұмыс істеу керек, не нәрсеге назар аудару керектігі туралы көп ақпарат берді. Чемпионаттың басталуына әлі уақыт бар, ойын дұрыс бағытта келе жатқанымызды көрсетті, бірақ бізді әлі де көптеген маңызды жұмыс күтіп тұр.

Жалпы алғанда, әрине, салмақты қарсыласпен өте жақсы матч. «Краснодарға» осы матчты жақсы ұйымдастырғаны және жылы қарсы алғаны үшін рахмет. Мен оларға Ресей чемпионатында сәттілік тілеймін.

 

– Команданың алдында екі бірдей салмақты қарсылас бар – «Ростов» пен «Спартак». Психологиялық тұрғыдан алғанда, бүгінгі жеңіс командаға бұл ойындарда сенімдірек әрекет етуге көмектесе ме?

– Иә, бізді алда «Ростов» және «Спартакпен» кездесулер күтіп тұр. Бұлар да өте салмақты командалар және біз үшін кез келген жеңіс психологиялық тұрғыдан маңызды. Бірақ қазір біз үшін ең бастысы - маусымның басталуына қарай барынша жақсы күйде болу, екі аптадан аз ғана уақыт қалды, ендігі дайындық кезеңінің соңғы кезеңі. Әрбір аяқдопшы қажетті кондицияны, жұмыс көлемін алуы және жарақаттанбауы маңызды. Ең бастысы әрі маңыздысы да осы.


«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес