kz

RU
EN
KZ
Григорий Бабаян «Ростовқа» қарсы ойын жайында
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Ростовпен» өткен жолдастық кездесудің қорытындысы туралы айтты.
19 ақп 2024

– Команданың қазіргі жағдайын ескере отырып, біз екі құраммен 45 минуттан ойнаймыз деп шештік. Әрбір ойыншы ойын уақытын ала алды және бұрын ойнамаған комбинацияларда ойнады.

«Ростов» – ұйымшыл, жақсы ойнай білетін команда. Жақсы спарринг болды, бірінші таймда қарсылас өзін жылдамырақ, сергек көрсетті және әдемі мүмкіндіктер жасады. Маған бірінші тайм ойын жағынан ұнамады, үзілісте реттеп, алаңға жаңа шыққандар жақсырақ көрінді. Ал біз команда ретінде жақсы ойналық, мүмкіндіктер пайда бола бастады: есепті теңестіруге 4-5 мүмкіндік болды, бірақ, жалпы алғанда, жақсы жүктеме алдық. Бұл ойын туралы маңызды ақпарат бар, біз қай жерде проблемалар бар екенін, немен жұмыс істеу керектігін көрдік. Чемпионаттың басталуына әлі уақыт бар, «Спартакпен» бір бақылау ойыны қалды. Біз қателіктерімізбен жұмыс істеуіміз керек және келесі матч барлық аспекті бойынша кем дегенде 80-90% дайын болу үшін, чемпионат ойындарына жақындауымыз үшін ойға азық болады. Физикалық жағынан да, тактикалық жағынан да. Және де дұрыс бейімделуге дайын болуымыз керек.

 

– Команда 45 минут бойы екі түрлі құраммен ойнады. Бізде екі мүлдем ойын жартысы болды деп айтуға бола ма?

– Иә, бөлек-бөлек ойын болды десек те болады. Жоғарыда айтқанымдай, «Ростов» бірінші таймдажақсырақ көрінді, бірақ екіншіде эпизодтарда мүмкіндігіміз көп болды. Маған екінші тайм көбірек ұнады.

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес