kz

RU
EN
KZ
Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Қайсармен» өткен ойынды қорытындылады.
20 сәу 2023

- Ойынның басын өте жақсы бастадық, алғашқы 30 минут ішінде гол соғып, қарсыласқа үлкен қысым жасадық. Әрине, өткен жеңілістен кейін ес жиғымыз келді, оған қоса, белгілі бір себептерге байланысты ойын тәжірибесіне ие бола алмай жүрген футболшыларды ойнаттық және тағы бес ойыншы жарақаттан кейін енді қалыпқа келуде. Біз барлық футболшылар бірдей ойын қарқынына ілесе алмайтынын түсіндік, себебі айтып өткенімдей, ойыншылардың көбісінде айтарлықтай ойын практикасы жоқ, сондықтан кейібіріне 60 минут, кейібіреуіне одан да аз уақыт бердік.

Жалпы алғанда, жақсы матч болды. Бұл кубок, босаңсуға болмайды, алда жауапты кездесу бар. Алғашқы ойын үшін жаман емес нәтиже көрсеттік, енді алда Қызылордада болатын чемпионат аясындағы ойын күтіп тұр, ол жерде мүлдем басқаша матч болады. Оған сақадай сай дайын болып баруымыз шарт.


«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес