kz

RU
KZ
Григорий Бабаян: «Үш ұпайға қол жеткіздік»
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Ордабасымен» өткен кездесу нәтижесіне қатысты пікірімен бөлісті.
02 сәу 2023

- Ауыр ойын болды, ұлттық құрамалардың матчындағы үзілістен кейін жиі болатын жағдай. Құрамадан кейін кей ойыншылардың жағдайы нашар,  жарақат алғандары да бар. Тек бір ғана тактикалық жаттығу өткіздік. Біз әлі мұндай комбинацияда ойнаған жоқпыз және сапалы футбол көрсету қиын болды. Біз қалағандай шапшаңдық болған жоқ. Бірақ, ең бастысы, маңызды үш ұпайға қол жеткіздік.

- Екі таймның айырмашылығы неде? Біріншісінде басымдық алып, қарсыласқа шабуыл жасалғанмен, екінші таймда ғана гол соға алдыңыздар...

- Бірінші таймда мүмкіндіктер, тәсілдер көбірек болды, Абаттың добы қақпаның теміріне тиді. «Жетісумен» өткен ойын алдында Айымбетовтың арқасы ауырды, 15 минут қана ойнады, «Ақтөбемен» 30 минут өткізді, біз оны күштеп ойынға қайтарғымыз келмеді. Нәтижесінде ұлттық құрама сапында әдемі гол соқты, команда сапында ойнады. Осы сәтті пайдалана отырып, тағы да барша қазақстандықты ұлттық құраманың жеңісімен құттықтаймын! Бүгін Абатты негізгі құрамда шығардық, ол қарсыласқа қиын болар шабуылдар ұйымдастырады деп үміттендім. Шабуыл шебі нашар қимылдады деп айта алмаймын, бірақ оларға байсалдылық жетіспеді. Екінші таймда бәрі ойдағыдай болғанына қуаныштымын.

«Астана» ФК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Астана» ФК серіктесі – «Туризм және спортты қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес