kz

RU
EN
KZ
Григорий Бабаян: «Шапшаң әрі динамикада өткен кездесу болды»
«Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян Қостанайда өткен ойын жайында пікір білдірді.
09 сәу 2023

- Біріншіден, Қостанайдың қонақжайлығына алғыс білдіремін. Бізді құшақ жая қарсы алған жергілікті жанкүйерлерге ризамыз. «Тобыл аренадағы» ерекше атмосфера үшін, тамаша ойын үшін де рахмет! Матч бойы қолдау көрсетіп, демеп отырған «Астаналық» жанкүйерлерге деген ықыласымыз бөлек. Біз бәрін сезініп те, көріп те отырдық. Ойын басталысымен жігерімізді жанып отырды. Үлкен рахмет!
Ойынға келсек, шапшаң әрі динамикада өткен кездесу болды. Бізде де, қарсыласта да есеп ашатын керемет сәт көп болды. Ойыншыларды жаңа позицияда алаңға шығарғанымызды байқаған боларсыздар. Мысалы, Станислав Басманов оң қапталда ойнады. Бұған дейін ол бұл позицияда мүлдем ойнаған емес. Осыны есепке алсақ, жақсы ойын көрсеттік. Тактикалық тұрғыдан және тәртіп бойынша бәрі де көңілімнен шығады. Қорғаныс пен доп беру шебінде де әдемі қимылдай білдік. «Тобылдың» шабуылда мықты екенін есепке ала отырып ойнаған сәттер де болды. Олардың күшті тұстарының алдын алып отырдық. Кездесу ойдағыдай өтті, гол соға алдық және маңызды деген ойынды жеңіспен аяқтадық.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес