«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян маусымның алғашқы жүлдесін қанжығалаған ойынға қатысты өз пікірімен бөлісті. Қазақстан Olimpbet-Суперкубогы таласқа түскен ойында елордалық команда 2:1 есебімен «Ордабасыдан» басым түсті.
- Алдымен жанкүйерлерді маусымның басталуымен құттықтағым келеді. Түрлі эмоцияларға толы матч болды. Алғашқы ойын болғасын қобалжу басым болды. Бірінші тайм мен екінші таймның бастапқы 15 минутындағы ойын ұнады. Гол соғатындай керемет сәттер жасай алды. Алғашқы ойын екенін ескерсек, доп жіберіп алғанымызға қарамастан, жалпы жақсы өнер көрсеттік. Гол өткізіп алдық, Бірақ соңғы 30 минуттағы ойын өте нашар болды: ұйымшылдық атымен жоқ, әрі қарсыласқа алаңда үстемдігін жүргізуге жол бердік. Ойын шебін қайта құрғымыз келді, жасай да алдық. Не десек те, ойынның соңы жағымсыз әсер қалдырды. Жалпы кездеуге баға беретін болсақ, біз жеңіске лайықты болды. Барша жанкүйерімізді 2023 жылғы алғашқы жүлдемен құттықтаймын!