kz

RU
KZ
Жеңіл атлетикадан Х Азия чемпионаты
06 ақп 2023

2023 жылдың 10-12 ақпан аралығында Астана қаласында жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Х Азия Чемпионаты өтеді. Ауқымды іс шараға 500-ден астам спортшы қатысады.

Чемпионат Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді. Жарыс Азия жеңіл атлетика қауымдастығы күнтізбесіндегі ең маңызды жеңіл атлетикалық іс-шараларының бірі. Айта кетейік жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Азия Чемпионаты ТМД елдері аумағында алғаш рет өткізілуде. Жарысқа 31 дан астам елден келген спортшылар қатысады деп жоспарлануда. Байрақты бәсекеде спортшылар жүгіру, лақтыру, секіру және көпсайыс секілді 26 спорт түрінен сынға түседі.

 

ӘЙЕЛДЕР:

1. Жүгіру - 60 м;

2. Жүгіру - 400 м;

3. Жүгіру - 800 м;

4. Жүгіру -  1500 м;

5. Жүгіру - 3000 м;

6. Кедергілермен 60 жүгіру;

7. Ұзындыққа секіру;

8. Биіктікке секіру;

9. Үш қарғып секіру;

10. Сырықпен секіру;

11. Ядро итеру;

12. Эстафета-4x400 м;

13. Бессайыс.

 

ЕРЛЕР

1. Жүгіру - 60 м;

2. Жүгіру - 400 м;

3. Жүгіру - 800 м;

4. Жүгіру - 1500 м;

5. Жүгіру - 3000 м;

6. Кедергілермен 60 жүгіру;

7. Ұзындыққа секіру;

8. Биіктікке секіру;

9. Үш қарғып секіру;

10. Сырықпен секіру;

11. Жетісайыс;

12. Эстафета-4x400 м;

13. Ядро итеру.

 

Жарыстың ашылу салтанатына Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті Дахлан Әл-Хамад, Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика Федерациясының президенті – Даниал Ахметов, Азия жеңіл атлетика қауымдастығының кеңес мүшелері, Азия елдері федерацияларының басшылары, сондай-ақ еңбек сіңірген спортшылар мен қазақстандық спорт қайраткерлері қатысады.

Жоғарыда аталған чемпионатқа орай баспасөз конференциясы 10-ақпан күні сағат 12:00 де Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық Коммуникациялар Қызметінде өтеді.

Мекен жайы: Д.Қонаев көшесі, 4, Қазмедиа орталығы.

Аккредиттеу және толық ақпарат алу үшін:

+7 777 434 0707 – Арай Серікбаева

Бас серіктес