kz

RU
EN
KZ
Килан Лебон: «Жақсы ойынымыз деп айта алмаймын»
«Астананың» вингері Килан Лебон «Тобылмен» өткен кездесу жайында
16 қыр 2022

– Жақсы командаға қарсы ауыр ойын болды. Бұл кездесудегі ойын көңілден шықпады, бірақ гол соғатын мүмкіндіктеріміз көп болды. Менің ойымша, сәттерді тиімді пайдалану жағы аздап жетіспей қалды.

Дегенмен бұл ойын артта қалды, ал біздің тек алға қарауымыз керек, құрамымыз өте жақсы жасақталған. Бізде әлі 6 кездесу бар: чемпионат пен кубокқа таласамыз, сондықтан маусымды әдемі аяқтау үшін бар күшімізді саламыз.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес