Қазақстандық маман Константин Котов елордалық клубтың футбол орталығының басшысы қызметіне тағайындалды.
Константин Владимировичтің футбол ісінде мол тәжірибесі бар. Бұған дейін ол «Астана» жастар құрамасының бас бапкері және футбол орталығының жаттықтырушылар штабының үйлестірушісі қызметін атқарған.