kz

RU
EN
KZ
Константин Оноприенко: «Келер жылы бас қаламызда Еуропаның басты клубтық турнирі өтеді»
17 қар 2021

«Астана» футбол орталығы командасының қақпашысы Константин Оноприенко клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында 2003-2004 жылғы жастар командасының алтын медаль алғаны жайында өз ойымен бөлісіп, маусымды қорытындылады.

– Құттықтауларыңызға рахмет! Эмоциялар кернеп тұр, естен кетпес маусым болды. Командаға «Қайратпен» ойын кезінде мықты деңгей көрсете алғанына және маусым бойы атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтамын. 

– «Астана» үлкен турнирге – Жастар чемпиондар лигасына жолдама алды. Бұл жетістікті қалай бағалайсың және турнир жайында ойыңмен бөліссең? 
– Маусым басында ешкім бізді жеңіс тұғырынан көрінеді деп ойламаған да болатын. Қазақстан чемпионы болып, екі жылдан кейін Еуропаның басты клубтық турнирі қаламызда өтетін мүмкіндікті жұлып алдық. Бұл біз үшін үлкен мәртебе! Бастысы, Еуропада жоғары деңгейде өнер көрсетуге тырысып бағамыз. 

– Сені турнирдің ең үздік қақпашысы деп танып, «Тобылмен» ойын аяқталғанда марапттаған болатын. Бұл жайында не айтасың?
– Жекелеген марапатқа қол жеткізгеніме қуаныштымын, бірақ команда жеңіске жетпесе, мен үшін марапаттың мәні болмас та еді. Қазір бұл чемпиондық маусымға қосымша іспеттес. 

Клубтың бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бас серіктес