kz

RU
EN
KZ
ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Тихоновты және Д.Лорияны қабылдады
15 мау 2021

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Астана» футбол клубының бас бапкері Андрей Тихоновпен және «Астананың» бас директоры Давид Лориямен кездесті.

Кездесу барысында «Астана» командасы, оның дамуы, клубтың болашақ стратегиясы туралы айтылды.

Министр бұқаралық спорттың елорда үшін, әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін маңызды екенін атап өтті. А. Тихонов «Астана» клубы жанындағы балалар мен жасөспірімдер орталығының қалыптасуы туралы айтып, балалар арасында футболға деген қызығушылықтың артқанын жеткізді.

Бүгінгі таңда клубта 400 бала жаттығады. Жиын барысында бапкерлер құрамын дайындау, материалдық-техникалық базаны жақсарту және қаржыландыру мәселелері де талқыланды.

Бас серіктес