kz

RU
EN
KZ
Макс Эбонг: «Команданың ішкі атмосферасы өте жақсы. Жүз пайызға дайынбыз»
11 там 2021

«Астананың» жартылай қорғаушысы Макс Эбонг ойын алдындағы баспасөз жиынында журналистердің сұрақтарына жауап берді.

– Біздің көздегеніміз – тек жақсы футбол көрсетіп, жеңіске жетіп, жанкүйерлерге қуаныш әкелу.

– Жарақатыңызға байланысты Финляндиядағы алғашқы матчқа қатыспадыңыз. Сондықтан ертеңгі ойын сіз үшін ерекше болады деуге болады ма?
– Әрбір ойын – ерекше. Иә, бірінші кездесуді жіберіп алдым, алайда қазір қатарға оралдым. Бұл үшін медициналық штабқа алғысым шексіз. Мен үшін әр матч ерекше.

– Осы маусымда сіз жартылай қорғаныстың орталық алаңында және қапталда да ойнап көрдіңіз. Қай позиция сіз үшін үйреншікті?
– Мен барлығына бой үйретіп үйрендім (күледі). Қай жерде ойна десе – сол жерде ойнаймын.

– Конференциялар лигасындағы командалар Еуропа лигасындағы командалардан әлсіз болып көрінбейді ме?
– Шынымды айтсам, ештеңе сезбедім. Тіптен біздің өткен қарсыласымыз – «Арис»өте мықты команда. Сондықтан бұлай ойламаймын.

– Команданың ішкі атмосферасы қалай?
– Атмосфера керемет, жүз пайызға дайынбыз. Жақсы футбол көрсетеміз деп ойлаймын.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бас серіктес