fc Astana

Бізге тіркеліңіздер:
Тілді таңдау:
Kaz Ru Eng
Максим Жалмағамбетов пен Антон Чичулин «Астана» ФК-ғы жұмысын бастады
11 ақп 2021


 
 
Қазақстан құрамасының бұрынғы екі футболшысы, елордалық футбол мектебінің тәрбиеленушілері Максим Жалмағамбетов пен Антон Чичулин «Астана» футбол орталығындағы жұмыстарын бастады. 
Максим Жалмағамбетов бірқатар қазақстандық клубтарда өнер көрсеткен, оның ішінде Премьер-Лигада біздің қаламыздың мүддесін қорғаған «Жеңіс» және «Астана» клубтары бар. Сондай-ақ, Жалмағамбетовтің  Бельгия Чемпионатында «Антверпен» клубы үшін ойнаған тәжірбиесі де бар. Қазақстан құрамасының қатарында 30 матч өткізіп, соғылған 1 голымен көзге түсті. Қазақстанның  чемпионы, сондай-ақ Қазақстан Кубогының және Суперкубогының иегері.  
Антон Чичулин қаланың «Жеңіс», «Евразия» командалары үшін 140-тан аса матчта ойнады.  Бұдан бөлек  «Аөтобе», «Ертіс», «Атырау», «Шахтер», «Оқжетпес» және түріктің «Гиресунспор» командалары сапында да өнер көрсеткен. Қазақстанның ұлттық құрамасының сапында 24 матч өткізіп, 1 гол соққан. Қазақстанның екі дүркін чемпионы, сондай-ақ Қазақстан Кубогының және Суперкубогының иегері. 
Антон Борисович 2006 жылы туған бір топ жас футболшылармен, ал Максим Нұрланұлы бір жас үлкен футболшылармен жұмыс істейтін болады.

Футбол орталығына тағы үш маман қосылды. Қуаныш Әбдуәлиев ФО дамытудың жаңа бағдарламасына сәйкес жас спортшылардың ментальді дайындығына жауапты болмақ. Әбдуәлиевтің кәсіби футболда ойнаған тәжірибесі бар, сондай-ақ "Астана" тәрбиеленушілерімен екінші жыл жұмыс істей отырып, коучингпен жемісті түрде айналысып келеді.
          Валишер Рашид С санатының иесі, бұған дейін жеке меншік футбол мектептерінде жұмыс істеп, жұмысында басты назарды жасөспірім голкиперлерге аударған. Футбол орталығында да осы бағытта жұмыс істеуді жалғастырады.
          Аслан Омарбековтің Өскемен БЖСМ-де, "Каспий" футбол орталығында,  "Мақтаарал" кәсібилер командасында (Бірінші Лига) жинаған жұмыс  тәжірбиесі мол. Футбол орталығында Омарбеков 2009 жылы туған жасөспірімдер командасымен жұмыс істейтін болады.

Бас серіктес