fc Astana

Бізге тіркеліңіздер:
Тілді таңдау:
Kaz Ru Eng
Марин Томасов – «Атырауға» қарсы матчтың үздік ойыншысы
12 сәу 2021


Instat аналитикалық компаниясы Қазақстан чемпионатының 4-ші туры аясында өткен «Астана» - «Атырау» матчты туралы статистикалық мәліметтер жариялады.
Оларға сәйкес, Марин Томасов матчтың үздік ойыншысы деп танылды. Хорватиялық ойыншы алаңының финалдық үштен бір бөлігінде дәл пас беру бойынша көшбасшы атанып, командаластарына 4 нәтижелі пас берді. Оның берген пастарынан Абзал Бейсебеков дубль жасаса, Абат Айымбетов пен Роман Муртазаев бір-бірден гол соқты.
Үздіктер қатарындағы екінші орынды Абзал Бейсебеков иеленді. Ол «Атырау» қақпасына екі гол салды, сондай-ақ капитан жеңіске жеткен жекпе-жектер саны бойынша үздік атанды.
Үздік үштікті Абат Айымбетов түйіндеді. Кездесу барысында екі голмен көзге түскен Қазақстан құрамасының шабуылшысы матч барысында ең көп соққы жасаған ойыншы атанды. Ол Владимир Логиновскийдің қақпасына 6 рет соққы жасаған.
Instat Index бойынша ТОП-5 ойыншы:
1. Марин Томасов - 406
2. Абзал Бейсебеков - 317
3. Абат Айымбетов - 315
4. Роман Муртазаев - 294
5. Сағи Совет - 269

Бас серіктес