kz

RU
EN
KZ
Марин Томасов – «Шахтерге» қарсы матчтың үздік ойыншысы.
05 нау 2021


 
​Instat аналитикалық компаниясы Olimpbet-Қазақстан Суперкубогының жартылай ақтық «Шахтер» - «Астана» матчының статистикасын жариялады, онда жеңіс 2:0 есебімен астаналық командаға  бұйырды.
​Компанияның пікірінше, бұл матчтың үздік футболшысы Марин Томасов болды. 83 минут ішінде Томасов қарсылас қақпасына екі гол соғып, 6 соққы берді, бұл екі команданың үздік көрсеткіші болып табылады. Сонымен қатар, Марин пас беру дәлдігінің айтарлықтай жоғары пайызын көрсетті – 72%, ол оның көп бөлігін алаңдағы ойынның соңғы үштен бір бөлігінде жасағанын ескеру қажет.
​Instat Index көрсеткіші бойынша екінші орында Тигран Барсегян тұр. Тигран гол салумен көзге түсті, сонымен қатар 4 рет ереже бұзды, Семир Смайлагич та сондай көлемде ереже бұзды, басқа ешкімде ереже бұзушылық болған жоқ.
​Үздік үштікті Дмитрий Непогодов толықтырды. «Астана» қақпашысы  өз қақпасын қорғай алды, бұл ретте ол қарсыластың екі соққысын қайтарып, допты қағып әкетуде 8 рет сәтті ойнады.
​Instat Index бойынша «Астананың» ТОП-5 ойыншысы
1. Марин Томасов 352
2. Тигран Барсегян 311
3. Дмитрий Непогодов 264
4. Жарко Томашевич 254
5. Абзал Бейсебеков, Саги Совет 243

Бас серіктес