fc Astana

Бізге тіркеліңіздер:
Тілді таңдау:
Kaz Ru Eng
Марин Томасов – «Астана» тарихындағы ең нәтижелі ойыншы
27 қаз 2020

 

«Астана» Қазақстан Чемпионатының 15-ші турында «Оқжетпесті» 5:1 есебімен жеңді. 
Елорда командасының жартылай қорғаушысы Марин Томасов үш нәтижелі шабуылға араласып, соның арқасында клуб тарихындағы нәтижелі ойыншылар тізімінде Патрик Твумасиді басып озды. 
Қазір Томасовтың еншісінде 51 гол және 47 нәтижелі пас бар. Хорват бұл көрсеткішке «Астана» сапында барлық турнирлерде 122 ойын өткізу арқылы қол жеткізді. 
Сондай-ақ, нәтижелі ойыншылардың бестігіне қазіргі құрамнан Дмитрий Шомко кіреді, оның еншісінде 12 гол және 47 ассист бар. 
 
 
Нәтижелі ойыншылардың Үздік бестігі төмендегідей: 

1.Марин Томасов 51+47
2.Патрик Твумаси 69 +27
3.Фокси Кетевоама 34 +51
4.Таңат Нөсербаев 54+25
5.Дмитрий Шомко 12+47

Бас серіктес