«Астана» футбол клубы екі тараптың келісімі бойынша грек қорғаушысы Джаннис Масураспен келісімшартты бұзғаны туралы хабарлайды.
Джаннис қазақ футболына толық бейімделе алмады, сондықтан алаңда өзінің ойыншы ретіндегі деңгейін көрсете алмады.
Клуб футболшыға «Астана» сапында өткен кезеңі үшін алғыс айтып, алдағы мансабында сәттілік тілейді.